Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирге қатысады

Турнир АҚШ-тың Цинциннати қаласында 13-19 тамыз аралығында WTA-1000 санаты бойынша өтеді.

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін турнирге қатысатын болды, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының  Instagram желісіндегі ресми парақшасына жазылған.

"Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Елена денсаулығына байланысты наурыз айында Индиан-Уэллсте және мамырда Римдегі WTA-1000 турнирлерінен бас тартуға мәжбүр болды. Екі спортшы да маусым айында Уимблдонда өнер көрсетті, бірақ Париж Олимпиадасында ойнай алмады және Торонтодағы WTA 1000 турнирін жіберіп алды. Енді тек алаңдағы ойын қалпына келтіру процесінің қаншалықты сәтті өткенін және спортшылардың бұрынғы қалпына жету үшін қанша уақыт кететінін көрсетеді. Сәттілік тілейміз", - делінген федерация хабарламасында. 

Турнир АҚШ-тың Цинциннати қаласында 13-19 тамыз аралығында WTA-1000 санаты бойынша өтеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.