Қалалық ПБ басшысы кейінгі кезде осындай жағдайлар жиілеп кеткенін айтты.
Қостанай облысында үш мұғалім алаяқтардың құрбаны болды
1,923
оқылды

Қостанай облысы Арқалық қаласында үш мұғалім несие алып, оны алаяқтарға беріп жіберген,  деп хабарлайды Aikyn.kz alau.kz-ке сілтеме жасап. 

Қостанайлық ПБ басшысының мәліметінше, алаяқтар өзін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ретінде таныстырып, әр мұғалімнен 3,5 миллион теңге мөлшерінде ақша алған.  Кейін алаяқтар ақшаны "қауіпсіз шотқа" салғанын айтқан.

ПБ басшысы кейінгі кезде осындай алаяқтар көбейгенін атап өтті. Мәселен, қостанайлық полицейлер осыған ұқсас 667 деректі тіркеген. Ал бұл былтырмен салыстырғанда 100-ге көп.