ҰҚК Шекара қызметі 15-28 тамызы аралығында Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін мәлімдеді.
ҰҚК Ресеймен шекарада қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескертті
4,114
оқылды

ҰҚК Шекара қызметі 15-28 тамызы аралығында Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін мәлімдеді,  – деп хабарлады Aikyn.kz.

"Көрсетілген кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз", делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.