Желі қолданушылары жұлдызды отбасына тәнті болып, оларға ыстық ықыласын білдірген.
"Дұрыс таңдау жасады": Ерке Есмахан ерекше отбасылық видео жариялады
Фото: Instagram/erke_esmahan
8,976
оқылды

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде Түркиядағы демалысынан ерекше отбасылық видео жариялап, елді сүйсінтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сәулелі сәттерім үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын! Әйел, ана бақытын аңсап, күтіп жүрген әрбір жанға жұғысты болсын",  деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасына тәнті болып, оларға ыстық ықыласын білдірген.

"Көз тимесін. Сондай ел сүйсінерлік жұпсыңдар", "Балаларыңыз көп болсын. Бақытты болыңыздар", "Махаббат деген осы. Ұстасқан қолдарыңыз ажырамасын", "Раймның жақсы көретіні көрініп тұр. Әйелін қайта-қайта құшақтап, сүйіп қояды", "Ерке дұрыс таңдау жасадың", "Райм әйел затына деген сыйластығы ерекше", "Сондай бақытты шақтасыздар. Сөз де, көз де тимесін",  деп жазды олар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.