Алматы сотында Әл-Бейне Зарипованың өліміне қатысты атышулы іс бойынша алдын ала тыңдалым өтті.
"Он рет пышақ сұққан": Алматыда күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің ісі бойынша сот отырысы басталды
Фото: Время
1,635
оқылды

Алматы сотында Әл-Бейне Зарипованың өліміне қатысты атышулы іс бойынша алдын ала тыңдалым өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Сот отырысында прокурор айыптау қорытындысын оқыды. Оның айтуынша, 31 қаңтарда түнгі сағат 3.30 шамасында Сабыржан Зарипов Алматы әуежайында Дубайдан ұшып келген әйелін күтіп алып, оны үйіне апарған.

"Үйдің екінші қабатында ерлі-зайыпты жыныстық қатынасқа түскен, содан кейін Зарипов әйелінен Дубайда болған кезде оның қоңырауларына неліктен жауап бермегенін сұрай бастады. Әйел Дубайда басқа жігіт тапқанын, ал онымен ажырасқысы келетінін айтқан. Кәмелетке толмаған қызы екінші қабатта ұйықтап жатқандықтан, сөйлесу үшін қазандықтар орналасқан жертөлеге түсіп кеткен. Зарипов әйелінен “ұялмайсың ба?” деген, әйелі жауап қатудың орнына күлімсіреп қойған”, – деді прокурор.

Осыдан кейін ер адам әйеліне бірнеше жерден пышақ сұққан.

"Кеуде тұсына пышақ сұққаннан кейін әйел жерге құлаған, содан кейін Зарипов оның денесінен пышағын шығармай, жоғары қабатқа көтеріліп кеткен. Әрі қарай қамалатынын біліп, қызын әпкесінің үйіне апарған. Ал оны бағуға ақша беру үшін әйелінің телефонынан ақша аударған. Қызын оятып, әпкесіне барып, оның атына ашылған банк картасын береді",  делінген айыптау құжатында.

Зарипов әйелінің телефонын пайдаланып, ол есепші болып жұмыс істеген ЖШС-ның банктік шотынан өз шотына 4 миллион 700 мың теңге аударған.

Әл-Бейненің анасы аталған жайттардың көпшілігі өтірік деп отыр. Сөзінше, “көзге шөп салу” оқиғасын, жыныстық қатынасқа ерікті қосылғандарын сотталушы ойдан шығарып алған.

Айыптар жарияланғаннан кейін сотталушының адвокаты судьяға істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. Себебі іс бойынша сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың қарама-қайшы екі қорытындысы бар. Бір тұжырымда кісі өлтіру аффект күйінде жасалғаны көрсетілсе, екінші сараптама аффект белгілері жоқ деген қорытындыға келген.

Судья бұл сот талқылауында нақтыланатынын айтып, қорғаушының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Сотталушы өз ісін кәсіби судьяға тапсыратынын айтып, алқабилерден бас тартты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.