Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.
Қазақстанда бірқатар азық-түліктің бағасы арзандады
3,690
оқылды

Қазақстанда жеті түрлі азық-түлік бағасы арзандады. Сауда және интеграция министрлігі бағасы арзандаған әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Министрліктің мәліметінше, көкөніс, қарақұмық жармасы сияқты бірнеше азық-түліктің бағасы былтырғы тамыз айындағы бағамен салыстырғанда біраз арзандаған.

Сауда министрлігінің есебі бойынша, күнбағыс майының құны 150 теңгеге арзандады. Қарақұмық жармасы – 100 теңгеге, ал сәбіз, пияз, қырыққабат сияқты маусымдық көкөніс 50 теңгеге арзандаған. Қант пен ұнның құны да сәл түскен. Тек макоронның бағасы өзгеріссіз қалды дейді ведомство өкілдері.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы:      

  2023 2024
Күнбағыс майы 781 теңге/л  626 теңге/л 
Қарақұмық жармасы  338 теңге/кг  222 теңге/кг 
Пияз 177 теңге/кг 129 теңге/кг
Қырыққабат 159 теңге/кг 124 теңге/кг
Сәбіз 198 теңге/кг 188 теңге/кг
Қант 434 теңге/кг 415 теңге/кг
Ұн 232 теңге/кг 228 теңге/кг

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.