Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астанада 200-ден аса жетім бала тұрғын үй кезегінсіз қалған
543
оқылды

Елордада тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқығы қорғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғаны анықталған.

– Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды, – делінген хабарламада.