СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан БҰҰ Жарғысының сақталуы маңызды екенін әрдайым атап өтеді.
Украина Ресейдің бір облысына басып кірді: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: journal.tinkoff.ru
1,435
оқылды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украина Қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына басып кіруіне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz СІМ-не сілтеме жасап.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан БҰҰ Жарғысының сақталуы маңызды екенін әрдайым атап өтеді.

«Шынымен де, қазір бүкіл әлем РФ Курск облысының жекелеген аудандарындағы жағдайды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отыр. Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидаты айқын белгіленген БҰҰ Жарғысын барлық ел сақтауы қажеттігін әрдайым айрықша баса айтады. Біз саяси-дипломатиялық құралдарды кеңінен қолдану арқылы мемлекеттер арасындағы барлық қақтығыстың тек қана бейбіт жолмен шешілгенін құптаймыз», – деп мәлімдеді ол бірқатар БАҚ-қа.

Смадияров Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың шешімнің конструктивті жолдарын іздеуге бағытталған күш-жігерін қолдайтынын айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.