Атышулы оқиға осы жылдың наурыз айында болған.
«Күйеуін өлтіруге тапсырыс берген»: БҚО-да әйелге қатысты іс сотқа жолданды
Фото: видеодан алынды
1,411
оқылды

БҚО Ақсай қаласында күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйелге қатысты іс сотқа жолданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Атышулы оқиға осы жылдың наурыз айында болған. Сол кезде БҚО полициясы кісі өлтіру фактісінің алдын алғанын хабарлады. Ақсай тұрғыны күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған. Әйел көп ұзамай ұсталды.

Құқық қорғау органдары әйелдің бұл әрекетке жұбайымен жылжымайтын мүлікті және балаларды бөліспес үшін барғанын мәлімдеді. Әйелдің туыстары болса, оның күйеуінен үнемі таяқ жегенін, қорыққанын айтады.

Әйел мен киллерге қатысты қылмыстық іс 12 тамызда сотқа жолданды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.