Мейрамбек Бесбаев ерекше тосынсыйға ие болды

Эстрада жұлдызы сыйға берілген кептердің ұясын көрсетіп, видео жариялады.

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев ерекше сыйлыққа ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Эстрада жұлдызы кептердің ұясының видеосын жариялады.

“Радиомыздың директоры Айман Нұразханның ойламаған жерден жасаған сыйлығы. Аспанымыз ашық, бейбітшілік мәңгі болғай!”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жылы лебіздерін жаудырып жатты.

Естеріңізде болса, Мейрамбек бала кезінен кептерге қызығатын. Есейе келе оны кәсіпке айналдырған. 

"Таразда оқыған кезде мектептегі сыныптастарымыздың барлығы кептер ұстайтын еді. Кептер ұстау деген сәнге айналған болатын. Қазір балалар ұстай ма екен, білмеймін. Қолға үйренетіні сол болды. Оның үстіне, көгершінге деген махаббат ерекше. Бала күнгі махаббат қалмаған. Есейсек те кептер ұстаймыз. Ең қымбаты ары кетсе 500 доллар тұратын шығар. Ал былай 10 мың теңгеден басталады. Көбінесе маған сыйлайды. Оған қоса, таныс адамдардан аламыз", - дейді өнер иесі сұхбатының бірінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.