Балалардың есімі – Хамза, Ибраhим, Ахмад.
Ақтөбе облысында үшем өмірге келді
3,366
оқылды

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында үшем өмірге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны Гүлсая Қалжанова өмірге үшем әкелді. Балалардың есімі – Хамза, Ибраhим, Ахмад. Үшеуі де дін аман, ертең үйіне шығады.

– Бұл отбасының төрт баласы бар. Бір қыз, үш ұл. Үшем өмірге келіп, енді ол 7 баланың ата-анасы атанып отыр. Анасы Гүлсая – Мұғалжар ауданы әкімдігінде іс жүргізуші, әкесі Әділхан теміржол саласында еңбек етеді. Балалардың денсаулығы жақсы. Ибрахим 2 985 гр, ал Хамза мен Ахмад 2 435 гр болып өмірге келді, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.