Қордайдағы жанжал бізге сабақ болды ма?
Қордайдағы жанжал бізге сабақ болды ма?
495
оқылды
Қазір ақпарат айдынында кез келген жаңалық 3 күн «өмір сүреді» деген ұғым бар. 2010 жылы Мәскеудегі мет­ро­да жарылыс болғанда ғаламторда «теракт», «жары­­лыс» сөзін іздегендер 800 мыңға жеткен. Ал үшінші күні бұл хабарға сұрау салғандар 4 есе азайған. Біз де Ситер отбасындағы 5 қыздың өлімін сирек еске аламыз, Арыстағы жарылыс, онда көз жұмғандар да назарымыз­дан тыс қалып барады. Ал Қордайдағы қақтығыс ше? Оны да жылы жауып қоя саламыз ба? Облыс әкімін ауыс­ты­румен мәселе шешілді ме? Бәлкім, тағы бір жан­жал болғанша ұлтаралық саясат концепциясын жаңар­тып, жаңғыртатын кез келген жоқ па? Қақтығыс хронологиясы. 2000 жыл­дан бері Қазақстан тари­хын­да онға жуық ұлтаралық араздық оқиғалары тіркелген екен. 2006 жылы Ақтау қаласы мен «Теңіз» кен орнында, Алматы облысындағы Шелек ауылында, 2007 жылы Алматы облысындағы Казатком, Маловодное ауылда­рын­­да, Оңтүстік Қазақстан облы­сындағы Маятас ауылында, 2014 жылы оңтүстіктегі Қарамұрт елді мекенінде, 2015 жылы осы өңір­дегі Бостандық ауылында, 2016 жылы Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында, 2019 жылы Қара­ғанды қаласы мен «Теңіз» кен ор­нында, ал биыл Қордайда ұлтаралық кикілжің болған. Егер байқасаңыз, мұндай оқиғалардың 80 пайызы ауылды жерлерде кездескен. Барлығында оқиғаның өрбу барысы өте ұқсас. Бір өңірде қазақ ауыл және басқа этнос өкілдері тығыз қоныстанған ауыл қатар өмір кешеді, көрші. Алайда ғайыптап тайып, тұрмыстық төбе­лес басталады (тек Маятас және Бурыл оқиғасында жағдай бас­қаша болды). Соңы екі ауыл жігіт­терінің соқтығысына әкеледі. Біраз жағдайларда шағын этнос өкіл­дерінің меншігіне шабуыл жаса­лып, отқа оранды. Жергілікті атқарушы билік өкілдері әдетте жағдайды реттеу үшін лезде әскер кіргізіп, ақсақал­дар­дың кездесуін ұйымдастырады. Келіссөз барысында ортақ шешім­ге тоқтайды. Кей жағдайда айыпты диаспора өкілін ауылдан көшіреді. Бұл қазақстандық кризис менедж­мент­тің сценарийі. Алайда бұл өрт сөндірген адамның амал-әре­кеті екені айтпаса да түсінікті. Жағ­­дай реттелген соң ұлтаралық мәселе сол күйі жабулы қазан күйін­де жабылып қала береді. Тек 1 мамырда әр этнос өкілі өзі­нің ұлттық киімімен концертке киіп шыққанда, байқауға қатыс­қан­да жағдай тұрақты деген тү­сі­нік келеді. Араға біраз уақыт салған соң Қазақстанның бір бұры­­шын­дағы ауылда тағы бір ұлта­ралық кикіл­жің жайлы ести­міз. Жо­ға­рыдағы шаралар қайта­ла­­­нады. Ел болып, етек жиғанымызға 29 жыл өтсе де, этносаралық қаты­нас­та мәселелер неге түбегейлі ше­­шілмеді? Неге жанжалдар жиі тір­к­еле берді? Өткен оқиғалардан неге сабақ алмадық? Ауылы ара­лас, қойы қоралас болса да, қазақ неге көршісінің үйін жағуға дейін бара­ды? Тарих. Жалпы, қазақ даласына патша заманынан бері түрлі этнос өкілдері күштеп көшірілген. Нақ­тырақ айтсақ, 1911 жылы Сто­лы­пин реформасының аясында орыс-украиндар әкелініп, қазақ өз жерінде 67 пайызға түседі. Бұл ұлт ұстазы Ахаңның «Әлхамдулилла, алты миллион қазақпыз» дейтін кезі (1913). Кейінгі ашаршылық жылдары 1935 жылдан бастап поляк­тарды жаппай көшіру сая­­­саты қа­зақтың санын 1939 жылы 37 пайыз­ға жеткізді. Ал сұра­пыл соғыс барысында ше­шен, ингуш, Еділ бойындағы не­міс­терді депортациялау, тың иге­ру барысында миллионға жуық славян тектес жұртты тағы да қоныс­тандыру 1959 жылы қазақ­тың үлесін өз елінде 30 пайызға апарды. Бұл ұлттың жоғалу қаупі туған кезең еді. Алайда қазақ әйел­­­дерінің өзгелерге қарағанда сәби сүю көрсеткіші әлдеқайда жо­ғары болуының арқасында тәуел­сіздік таңы атқанда қазақтың саны 6 миллионнан асып, 40 па­йызға жақындады. Егемен Қазақ­станға кеңес елінен қауіпті мұра қалған еді. Себебі 1980 жыл­­дар­дың соңында-ақ Таулы Қара­бақ, Ферғана оқиғалары ұлтара­лық жан­жалдардың соңы неге әке­ле­ті­нін көрсетті. Ассамблея. Былтыр өз еркі­мен қызметімен қоштасқан Нұрсұлтан Назарбаевтың бірден-бір артықшылығы ретінде 1991 жылдан бері азаматтық соғысқа, ірі ұлтаралық қақтығысқа жол бермеуі деп айтылады. Бұл тұжы­рым­мен әбден келісуге болады. Өйткені 90-жылдары ТМД аума­ғында Тәжікстан, Ресей, Молдова, Армения, Әзербайжанда түрлі ұлта­ралық немесе азамат соғысы жүрді. Бейбіт саясатты жүргізуде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін атап өткен жөн. Себебі осы ұйым аясында этностар жаңа тә­уел­сіз елде келісімді өмір­дің фор­­­муласын іздеді, саны не ық­­палы мол қандай да бір диас­пора­ның өктемдігі жүрмеді. Бәрі заң әрпімен жүруге көнді, келісті. Ассамблея өз міндетін өткен 20 жыл­да толық атқарды. Алайда соңғы жылдары жиі тіркелген қақтығыстар аталған ұйымның даму бағытын өзгерту қажет екенін көрсетіп тұр. Себептер. Қазақстанда ұлта­ра­лық қатынасты, аз этностар мәсе­лесін Гүлмира Илеуова, Ботагөз Рақы­шева, Айгүл Сәдуақасова сын­ды ғалымдар көп жылдардан бері зерттеп келеді. Егер осы ба­ғыт­та жарияланған еңбектерге жү­гінсек, елімізде қазақтар мен «бас­қалардың» арасында шешіл­мей қалған біраз мәселе бар. Әри­не, орыс, украин, ұйғыр, күрд, дүн­ген, түрік және басқаларын бір топ­та қарастыру мүмкін емес. Өйткені әрқайсысының саны, аумақ­тық жайғасу орны, тарихи-әлеу­меттік рөлі мүлдем басқа. Алай­да көпшілігіне ортақ кейбір фак­торларды атап өту қажет және олардың шешімін іздемесе, келе­шек­те қақтығыстардың қайталану мүмкін­шілігі бар. Этностардың оқшаулануы. Өз зама­нында күштеп көшірілген ха­лықтар Қазақстанда бір аймақ­та шоғырланып, өзара қол­дау көр­сетіп, аман қалудың жо­лын ізде­ді. Алайда бір өңірде изоляция­ға түсу қазір де жалғасып келеді. Айталық, ұйғырлар Алматы облысына, дүн­­гендер Жамбыл облысына, ко­рей­лер Қызылорда облысына, өзбек­тер мен тәжіктер Түркістан облысына жайғасқан. Ұзақ уақыт бір жерде мекендеудің соңы өз қауы­мын, тіпті өз мектебін, өз ме­ші­тін құруға да әкелді. Мәселен, 2015 жылы оңтүстікте Бостандық ауылында тәжік диаспорасымен болған жанжалдан кейін жергілікті тәжік мектебіне баратын жоғары сы­ныптағы тәжік қыздардың бар­лығы дерлік хиджап киетіні мәлім болды. Ал Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша Қазақстандағы барлық орта мек­теп­терде бұған жол берілмеуі ке­рек. Қордайдағы қақтығыстан соң Масан­шы ауылында дүнгендер өз ме­шітін салып, өз имамын та­ға­йын­­дап, уағызды орыс не дүн­ген ті­лінде жүргізетіні анық­тал­ды.   [caption id="attachment_27242" align="alignnone" width="960"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Өкінішке қарай, этностық шо­ғыр­ланудың кері тұсы мұнымен шек­­телмейді. Ол қоғамда өзге ұлт өкілдерінің әлеуметтенуге, бейім­делуге кедергісін келтіреді. Сәй­­кесінше, диаспоралардың көп­­шілігі іргесіндегі қазақпен алыс-берісі тереңдемейді. Оны Қор­дай, Маловодное, Шелек оқи­­ғалары айшықтады. Себебі сол ел­ді мекендердегі дүнгендер, ше­шен­дер, ұйғырлар қазақ жерін­де жылдар бойы тұрақтаса да, не­гізінен орыс және өз ана тілінде сөй­леуге бейіл. 29 жылдан кейін де қазақша еркін сөйлеп кеткендері ша­малы. Жақында Қордай ауда­­нына барған Мемлекет бас­шы­сы Қ.Тоқаевқа дүнген ақса­қал­дары орыс тілінде алғыс айт­қаны – со­ның айғағы. Бір тіл­де бай­ла­нысқа түспегендердің бір халық, бір жұртқа айналуы, ортақ салт-ғұрыпты ұстануы қиын. Аталған түйт­кілді өзге мемлекеттер де өзін­ше шешуге тырысқан. Айта­лық, Сингапурде мектепке бала қа­былдағанда, үй салғанда бір ша­ғынауданда малай, қытай, үндіс және басқаларды араластыруға тырысқан. Бұдан бөлек, жалпыға ортақ әскерге шақырылу мен ағыл­шын және ана тілін оқуды мін­деттеу түрлі этностарды бір ха­лық етіп «тәрбиелеуге» септігін ти­гізді. Жабулы қазан. Жалпы, ұлта­ра­лық қатынастағы кез кел­ген мә­селеге Үкіметтің аса сақтық­пен қарауы, бұл саладағы қиындық­тар­ды жасыруға тырысуы, шынайы ақпаратты таратпауы – жағдайды күрделендіреді. Неге? Біріншіден, ресми билік өкілдерінің әрдайым бірден «бұл тұрмыстық төбелес» деп баға беруі қоғамда күмән ту­дырады. Иә, ресми органдар мұны амалсыздан, қауіпсіздік мақ­сатында айтады. Алайда «қа­зақтар және басқалар» араз­дасып жатқанда оның «ауылдағы қаны қызу жі­гіттердің жаға жыр­ты­суы» де­генге сенетін кісі аз. Осы кез­ден бастап қоғам мен би­лік ара­сында сенім азая түседі. Екін­шіден, бұл сенімсіздікті ұлта­ра­лық жанжал болғаннан кейін ресми органдардың дер кезін­де ақ­паратты жарияламауы, үн­сіздігі өршіте түседі. Яғни, кри­зис­тік коммуникация істен шы­­­ға­ды. Аталған ағаттық Бостан­дық (2015ж), Қарағанды (2019) оқи­ғаларында анық байқалды. Ақпараттық вакуумды әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы тараған түрлі қауесет, фейк мәлі­­мет­тер толтыра бастайды. «Шын мә­н­інде, пәленше кісі көз жұ­мып­ты», «Олар қылмыскер екен», «Күдікті қашып кетіпті» деген қо­ғам­ды қоздырушы мәлімет та­рай бастайды. Әрине, бұл қоғам­ның ашуын туғызады. Қисық әрекеттерге себеп болады. Қордай оқиғасында бос қалған ақпараттық кеңістікті жекелеген блогерлер, сайттар сәтті пайдаланғанын бай­қа­дық. Үшіншіден, бұл салада ғылы­ми зерттеулердің аздығы, бар бол­са да, олардың ашық жария­лан­бауы, этносаралық жағдайды қиындатады. Ал жалпы, Азаматтық бастама­лар­ды қолдау орталығы жыл сайын осы бағытта гранттар бөлсе, об­лыс­т­ық әкімдіктер сауалнамаға қара­жат береді. Зерттеу бюджет есебінен жүргізілсе де, оның нәти­же­лері тапсырушының (комитет, әкімдік) архивінде шаң басып жа­та­ды. Оны оқып, қанша лауа­зым­ды азамат тиісті шешім шығарғаны белгісіз. Жергілікті әкімдіктің олқылығы. Қордайдағы жанжалға үңілген ма­­мандардың келісетін бір ор­тақ тұ­­­жырымы бар. Араздық бір күн­де пайда болмаған, ол жыл­­дар бойы ұсақ-түйектен жи­­нал­­ған. Кей­бір дүнген жастары­ның мед­реседе оқимын деп анық­та­ма әкеліп, әскерден жалтаруы, ауыл маңындағы жер алқабының негізінен дүнген диаспорасына берілуі, Масаншы ауданын бір­этнос­тық жабық қауымға айнал­дыруы, өзгелердің ол ауыл­да еркін жүріп-тұруына кедергі жа­са­луы, төбелес, шабуылдардың жаза­сыз қалуы және тағысын тағы­лар жергілікті атқарушы билік жіберген қателік, тіпті қылмыс деп ай­туға толық негіз бар. Себе­бі тұр­ғындардың сөзінше, заңбұзу­шы­лықтың басым бөлігі пара беру, жемқорлықтың кесірінен жабылып отырған. Бұған біраз уақыт бұрын Қаракемер ауылынан шыққан бір топ спортшы қазақ жастарының Масаншыда таяққа жы­ғылып, кейін жергілікті погон­ды­лар олардың өздерін айыпты ету – соның айқын дәлелі. Ал ақ­панның басында 80 жастағы ақ­сақал Төлеген Құдашпаев пен ұл­дарының соққыға жығылып, ол іс­тің де сол кезде елеусіз қалуы – сөз еткен жергілікті би­лік­­тің ол­­қылығы. Ал аудан әкімі­нің жер­­гі­­лікті билік өкілі әрі ас­самб­лея­ның басшысы ретінде дүнген диас­­порасының түрлі мерекелік шара­ларына қатыспауы, оларды аудан­дағы қоғамдық өмірге ара­лас­тырмауы да жол берілген кем­ші­лік деуге болады.  

Ұйғырлар Алматы облысына, дүн­­гендер Жамбыл облысына, ко­рей­лер Қызылорда облысына, өзбек­тер мен тәжіктер Түркістан облысына жайғасқан. Ұзақ уақыт бір жерде мекендеудің соңы өз қауы­мын, тіпті өз мектебін, өз ме­ші­тін құруға да әкелді. Мәселен, 2015 жылы оңтүстікте Бостандық ауылында тәжік диаспорасымен болған жанжалдан кейін жергілікті тәжік мектебіне баратын жоғары сы­ныптағы тәжік қыздардың бар­лығы дерлік хиджап киетіні мәлім болды.

  Бұдан бөлек, бір аумаққа жи­нал­ған диаспоралар сол өлкедегі жерге, малға, бизнеске иелік етуге тырысады. Яғни, нарық зама­нын­дағы қалыпты қарекет. Алайда бір өңірдегі «байлық балансының» сақ­талмауы – ауылдағы экономи­ка­лық ресурстардың бір этнос өкіл­­дерінің қолына шоғырлануына әке­леді. Өз кезегінде сол аумақтың қа­зақ­тары «Базарды тек шешендер бас­­қарады», «Жерді тек тек тү­рік­­­тер сатып алды» деп ашуға бе­ріледі. Бұл жалқаулықтың сал­да­ры ма, әлде теңсіздікке нара­зы­­лыққа па, белгісіз. Бірақ ауылдағы эко­но­микалық баланстың сақтал­мауы – жұрттың ызасын келтіреді. Яғни, этностар аралас ғұмыр ке­ше­тін өл­кеде ішкі саясаттағы олқы­лық­тар жылдар бойы жинала келе, әлеу­мет­тік жарылысқа әкеледі екен. Территория. Жалпы, шағын этно­с­тардың елде шашырай жай­­ға­сып, шекаралық аймақта орна­­­ла­суы­­ның өзінде белгілі бір тәуе­­кел бар. Айталық, ұйғыр­лар­дың Қы­тай­­мен шека­ра­лас Алматы облы­сын­да, орыстар­дың Ресеймен ірге­лес солтүстік, шы­ғыс өңірде, өзбек­­тердің Өзбек­стан­­мен шекте­се­тін Түркістан облы­­сында, дүн­ген­дердің Қырғыз Рес­пуб­ли­касымен шекаралас Жамбыл об­лысынан орын тебуі – кей кез­де­рі жағдайды күрделендіреді. Мәселен, Қордай жанжалында дүнген диаспорасы бір түнде туы­сын іздеп, қырғыз ауды. Егер бұл диаспора Қарағанды облысында жайғасқанда мұндай жайтқа жол бе­рілмес пе еді? Әрине, шека­ра­­дағы аудан тұрғындарына Нұр-Сұл­тан, Алматыға барып бі­лім алу, сауда жасау не емделу қиын­­дық туғызады. Сондықтан ірге­дегі Ташкент, Бішкек, Шың­жаң, Астрахан, Орынборға бара салатын қазақ та, басқасы да аз емес. Себебі транспорттық-ло­гис­­ти­калық жағынан тиімді. Деген­мен диаспоралардың тарихи Ота­нына территориялық тұрғыда жақын жайғасуы қазақстандық қоғамға араласып, әлеуметтенуіне, осы елдің шынайы патриотына ай­на­луға кедергісін келтірері бел­гі­лі. Себебі 2010 жылдарға дейін кейбір диаспора оқушылары мектепте шекаралас елдерде басылған оқулықпен білім алды. Басқа да факторлар. Жоғарыда айт­қанымыздай, ұлтаралық жан­­жалға бір ғана себеп түрткі бол­май­ды. Түрлі бағыттағы ұлттық идео­­логеманың да өз ықпалы бар. Ай­­талық, Қазақстандағы көп­ші­лік орыс этносының өкілдері әлі де Ресей мен «орыс әлемі» концеп­ция­­сына илануы, 2014 жылы Қы­рым аннексиясын қолдауы, жер­гілікті түрік азаматтарының Түр­кия мен оның басшысы Ердо­ған­ның саясатына басымдық беруін мысал ретінде келтіруге болады. 2019 жылы Түркия ахыс­ка түріктерін өз жерінде жинап, жиын өткізді. Қазақстанда тұра­тын түрік диаспора өкілдері де бар­ған. Басқосу өткен үлкен залда жиналғандар «Түркия, Ердо­ған» деп ұрандатқан. Кейбір кіші диас­по­ралардың өз үйінде, жұмыс кең­се­сінде мойындалмаған мемле­кет­терінің туын іліп қоюын да осы санаттағы түйткіл деуге болады. Яғни, Қазақстан азаматы атанып, осы елге салығын төлеп, Үкіметтен әлеуметтік жәрдемақысын алып жүр­се де, ой-санасының сыртта бо­луы – алаңдатарлық жағдай. Әрине, кімнің қай саяси бағытты ұстануы, әлде қай саясаткерді қол­да­уы әр адамның жеке таңдауы, бірақ ұлттық идеологиялық көзқа­рас­тағы әралуандық «қазақ­стан­дық біртұтас халық» концепция­сын жүзеге асыруға кереғар екенін мойындаған жөн. Үлкенді-кішілі жанжалдардың 80 пайызы ауылды елді мекенде тір­келгені мәлім. Оның бірнеше се­­бебі болуы мүмкін. Соның бірі – ауыл­дағы әлеуметтік жағдай­дың тө­мен­дігі. Мәселен, Қор­дай ауда­ны құрамына кіретін Жам­­был об­лысы республика бойын­ша жа­ла­қысы ең төмен ай­­мақтың қата­­рын­да. Яғни, жо­ғары­да айт­қан­­дай, ауылдағы бас­ты эко­номи­ка­лық ресурс бір диас­пора қолына шо­ғыр­ланса, ауылда жұмыс табыл­май, жалақы төмен болса, алды­мен әлеуметтік нара­зы­лық оянып, кейін «от тұтан­ған­да» ол ұлтаралық кикілжіңге ұласуы мүмкін. «Стратегия» зерттеу орталығы 2016 жылы ұлтаралық қақтығыс сала­сында сарапшылар арасында зерт­теу жүргізді. Ондағы сауал­дар 2002 жылы Қазақстан страте­гия­­лық зерттеу институты ұйым­­дас­тырған сауалнаманың сұрақ­та­рын қайталады. Осы арқылы зерт­теу­шілер белгілі мәселелер бо­йынша 14 жылда жағдайдың өз­геру деңгейін бақылағысы кел­ген. 14 жылда жалпы ұлтара­лық жағ­­дайдың тұрақты екені рас­тал­ған. Ал этносаралық түсініс­пеу­ші­ліктер мемлекеттік қызметте (40%), қо­ғамдық орында (55%) және БАҚ (40%) са­л­асында көбей­ге­ні анық­талған. Жалпы, отандық конфликто­лог­тар диаспора мүдделерінің жергі­лікті билікте қорғалмауы, олар­дан қолдау көрмеуі оқшау­ла­­нуға әкеледі деген тұжырым жа­сайды. Яғни, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қажетті деңгейде міндетін атқармауы, өңір­­лерде демократиялық ашық­тық­­тың, азаматтық қоғам инс­ти­тут­тарының жетіспеуі де этно­са­ра­лық араздыққа жанама түрде ықпал ететінін байқауға болады. Сөз соңында. Қазақ отбасында талқылана бермейтін жабық тақы­рып­тар бар. Оны көтеру отба­сы мүшелерінде ыңғайсыздық туғызады. Ұлтаралық мәселе де біздің қоғамда сол санатқа жата­тындай. Ашық айтып, талқылауды құп көрмейміз, бірақ жауып, жасы­ра беруге тағы да болмайды. Себебі өткен оқиғалардан сабақ алын­баған соң кәдуілгі қарапайым қа­теліктер қайталанып, соңы араз­дықтарға ұласуда. Не десек те, ұлтаралық қаты­нас­­тағы саясатты жаңғыратын кез келді. Оның ашық әрі түсінікті болуы да маңызды. Жалғыз кон­церт, бай­қау, көрмелермен алыс­қа бара ал­маспыз. Себебі та­лап пен сұрақтар жыл өткен сайын кө­бейіп келеді. Бірақ анық тұжы­­рым­дар ақырын көріне баста­ды. Бірін­ші, ұлтаралық тіл – қазақ тілі болуы міндет. Екінші, ұлтына қарамай, әр азаматтың құқығы то­лық қорғалуы тиіс. Үшінші, этнос­тық оқшаулануға жол бе­руге болмайды. «Серпін» бағ­дар­ламасын тиімді пайдаланған жөн. Төр­тінші, аймақтарда мемле­кет­­тік органдарда жемқор­лық жо­йыл­маса, оның қауіпті салдарын әлі көре береміз. Бесінші, ұлтаралық ортақ мәселені ашық тал­дап, тал­­қылайтын кез жетті. Алтын­шы, «біртұтас Қазақстан халқы» кон­цепциясын жүзеге асыруға әр аза­мат үлесін қосуы міндет.    width=Нұрмұхамед  БАЙҒАРА