Әлеуметтік желіде Елдос Сметовтің анасымен қол ұстасып жүрген видеосы қызу талқыға түсті.
"Анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақ ететін болыпты": Жазира Елдосты сынағандарға пікір білдірді
Фото: видеодан алынды
1,768
оқылды

Белгілі әнші Жазира Байырбекова Париж Олимпиадасының чемпионы атанған Елдос Сметовке қолдау білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде Елдос Сметовтің анасымен қол ұстасып жүрген видеосы қызу талқыға түсті.

Осы орайда әнші Жазира Байырбекова спортшыны "мамасының баласы" деп сынамауға шақырды.

"Әйелін құрметтейтін жігіттерді "подкаблучник" дейтін еді. Енді анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақ ететін болыпты. Әрине, әртүрлі аналар, әртүрлі келіншектер болатыны рас. Бірақ бұл қылықтарыңыз әр отбасындағы жігіттерді әйеліне немесе анасына қарсы қоюға әкелмей ме?! Ешкімді ешкімге қитұрқы сөзбен айдап салмай, жай ғана түсінісіп өмір сүруге неге тырыспайды біздің қоғам ...", – деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.