Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді.
Мырзағали Айтжанов пен бапкерлік құрамдағы 10 маман қызметінен босатылды
Фото: @qazaqstantv
1,063
оқылды

Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Бокс федерациясында кадрлық өзгерістер болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Федерацияның баспасөз қызметі Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілгенін мәлім етті. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді.

«Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды», - делінген хабарламада.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.