Өскемен-Шемонаиха-Ресей трассасын жөндеу басталды

Бұл туралы "Қазавтожол" ҰҚ өкілдері мәлімдеді.

«Өскемен-Шемонаиха-Ресей» тасжолын жөндеу жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінде халықаралық маңызы бар трассаның тозығы жеткен. Автокөлік жүргізушілері талай жылдан бері тозған жолмен титықтап жүрген.

Күре жолмен күніне жүздеген жүк көлігі өтеді. Апат та жиі тіркеледі.

Биыл 30 шақырым жолға асфальт жабыны төселеді. "Қазавтожол" мекемесі өкілдерінің айтуынша, қалған бөлігіндегі жұмыс келесі жылға жоспарланған.

– Биыл Предгорный ауылынан Первомай елді мекеніне дейінгі 30 шақырым жолды қалыпқа келтіреміз. Қажетті материалдардың төзімділігіне қатты назар аударып отырмыз. Сондықтан орташа емес, күрделі жөндеуден өткендей сапалы болады деп ойлаймыз, – деп нақтылады "Қазавтожол" ҰҚ ШҚО филиалының бөлім басшысы Шыңғыс Зайытов.