Танымал әнші Абай Бегей ортаншы қызы тұрмысқа шығатынын айтып, қуанышымен бөлісті.
Абай Бегейдің қызын күйеу жігіті алып қашты
5,991
оқылды

 Алайда ұсынысты жасамас бұрын күйеу жігіт әншінің қызын алып қашқан екен. Бұл туралы Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова Instagram-дағы парақшасында баяндап берді.

Оның сөзінше, Сымбатты алып қашып кеткенін естіген бойда Абай Бегей қызын алып кетпек болған. Алайда әнші қызының таңдауы кім болғанын алдымен көріп, танысқаннан соң батасын берген. 

"Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты. Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай болып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір-ақ күн қалғанда, "үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті" деген хабар жетті. Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды. Әкесі "Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін" деді. Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені келіп, әкесінің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкесі де өз ауылымыздың үлкендерімен ақылдаса, екі күн ойлана келе, "Келген ел –  көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен" деп, "Қызымның таңдауын құрметтеймін! Маңдайына жазып тұрса, бағы болсын" деп ақ батасын берді", –  деп жазды Фариза Жұманова. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Фариза Жуманова (@fari___za____zhan)