Қоғамда үлкен резонанс тудырған мәселені «НеМолчи» қоры жариялады, онда жасөспірімдердің қызды жезөкшелікке мәжбүрлеп, айына 3-4 миллион теңге көлемінде заңсыз пайда тауып отырғаны айтылған.
Қызылордада жасөспірім қызды құлдықта ұстаған күдіктілерге «күзетпен ұстау» шарасы қолданылды
Фото: istockphoto.com
692
оқылды

Қызылорда облысында жас қызды жарты жыл бойы секс құлдықта ұстаған сыныптастарына қатысты шара қолданылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, кәмелетке толмаған күдіктілер Қ. А. және М.-ге қатысты тергеушінің «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші бастапқыда қанағаттандырусыз қалдырылған. Алайда  жәбірленушінің өкілінен түскен шағымдарды қарастырған сот алқасы күдіктілердің іс-әрекеттерінің ауырлығын ескере отырып, жаңа шешім шығарды.

«Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілеріне жәбірленушінің өкілінен келіп  түскен шағымдарды қарап, күдіктілердің жасаған әрекеттерінің ауырлық дәрежесін, күдіктілерді сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болғанын ескере отырып, шағымды қанағаттандырып, тергеу сотының қаулыларын өзгертіп, күдіктілерге 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды», делінген хабарламада.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Қызылорда қаласында мектеп оқушылары 16 жастағы қызды азаптап, қинап есірткі беріп, жезөкшелік жолға салған. Қыздың ата-анасының жазуынша, полициядан еш көмек болмаған, керісінше оларды «ата-ана құқығынан» айырамыз деп қорқытқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.