Азаматтарды облыстық Білім басқармасының, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, заңгерлер, норатиустар мен адвокаттар және жеке сот орындаушылар қабылдады.
«Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарға заңгерлік кеңес берілді
780
оқылды

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында партияның «Құқықтық көмек» жобасы аясында «Балалардың құқықтарын қорғау» тақырыбында қоғамдық қабылдау өтті. 

Азаматтарды облыстық Білім басқармасының, Денсаулық сақтау басқармасының  өкілдері, заңгерлер, норатиустар мен адвокаттар және  жеке сот орындаушылар қабылдады. 

«Құқықтық көмек» жобасы бойынша қабылдаулар партия алаңында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Өздеріңізге белгілі, біздің қарапайым азаматтарымыз заңды, кейбір құқықтық мәселелерді толық біле бермейді. Сондықтан да біз азаматтарға тегін заңгерлердің кеңесін алуға мүмкіндік тудырып отырмыз», - дейді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жансая Қаныбекова.

Жыл басынан бері «Құқықтық көмек» жобасы аясында 1000–нан астам тұрғын партияның қоғамдық қабылдауына жүгінген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.