Ол желі қолданушыларын өз құқығын қорғай білуге шақырды.
Белгілі әуекомпаниямен соттасып жатқан Ләйла Сұлтанқызы оқырмандарына кеңес берді
Фото: instagram.com/ sultankyzy
6,570
оқылды

Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы ұшақта көзін жарақаттап, FlyArystan әуе компаниясымен соттасып жатыр. Ол әлеуметтік желіде оқырмандарына кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Тележүргізуші әуекомпания кешірім сұраудың орнына жағдайды одан сайын күрделендіргенін атап өтті. Сонымен қатар төленген билетке лайық қызмет көрсетілуін талап етті.

"Егер де қателіктеріңізді мойындап, жіберген олқылықтар қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрасаңыздар, мұны жазбас та едім. Болған жайтты қалай бар, солай жаздым. Енді судмедэкспертизаны алайын, қалғанын сосын заң аясында шешерміз! Әйтпесе, мына түрлеріңізбен сіздерге наразылық білдіргендердің бәрін өтірікші қыларсыздар!" – деді тележүргізуші. 

Ол желі қолданушыларын өз құқығын қорғай білуге шақырды.

"Оқырмандарым, алдағы уақытта осындай жағдайда әрқашан телефондарыңыздың камерасы, диктофон қосулы жүрсін. Кейде дәлел керек болып қалады. Ертең әуекомпанияның бортында барлық жағдай жасалып, аптечкалар табылса таңғалмай қуанайық, осы жағдай әсер етті деп қабылдайық. Болмай жатса, орынды ашық сынайық! Ал FlyArystan, өз парақшаларыңызда ұнамаған пікірлерді өшіріп отыру проблеманы шешпейтінін бізден жақсы білесіздер ғой", – деп жазды ол. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.