Елеусінов кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада аргентиналық Хуан Эрнан Леалға қарсы өткізді.
Боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: instagram.com/ yeleussinovdaniyar
1,634
оқылды

All Stars Boxing компаниясының баспасөз қызметі қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегі туралы ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстандық боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде қолғап түйістіреді», - деп хабарлады компаниядан.

Турнир 28 қыркүйекте Алматыдағы «Алматы Аренада» өтеді.

Еске сала кетейік, Елеусінов кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада аргентиналық Хуан Эрнан Леалға қарсы өткізді. Данияр Елеусінов төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.