Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Ацетон ішіп қойған": Екібастұздағы балабақшада 4 жасар бала ауруханаға түсті
www.istockphoto.com
961
оқылды

Екібастұз қаласында 4 жасар бала ацетон ішіп қойып, күйік шалған күйде ауруханаға түскен, деп хабарлайды. Аikyn.kz

Оқиға 15 тамыз күні болған. Балабақша қаладағы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76/1 мекенжайынд орналасқан. Жедел жәрдем балабақшаға шақыртылған. 

- Дәрігерлер 4 жасар балаға химиялық улану (ацетон) диагнозын қойып, асқазанды тазалауға кірісті, - деп хабарлады Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Олардың айтуынша, сәбидің ауыз қуысы мен жұтқыншағын күйік шалған. 

Қызметтік тексеріс барысында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі химиялық сұйықтық құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткені анықталды. Соны бала  ішіп үлгерген.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Соның нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданады.