Құтқарушылар кәріз-сорғы стансасынан екі адамның денесін шығарды.
Ақтөбе облысында 2 жұмысшы кәріз тазалау кезінде уланып, көз жұмды
Фото: freepik.com
570
оқылды

Қайғылы оқиға 16 тамызда Ақтөбе облысы Ембі қаласындағы "Ембі жылу" кәсіпорнында болды. Жұмысшылар метаннан уланып қалды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құтқарушылар кәріз-сорғы стансасынан екі адамның денесін шығарды. Олар  58 жаста. Тағы екі зардап шеккен адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

"Олар 46 және 53 жаста, метаннан уланып, Ембі аудандық ауруханасының соматикалық бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық", деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы аман қалғандар туралы.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу") бойынша тергеу басталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.