Бұл мәліметті Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев растады.
Астанада жасөспірім операция кезінде қаза тапты
Ашық дереккөз
790
оқылды

Астана қаласында операция кезінде 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды, – деп хабарлады Aikyn.kz. 

Дәрігердің айтуынша, қазір осы оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

– Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен жасөспірімнің ата-анасына көңіл айтқым келеді. Бүгінде қызметтік тергеу, оның ішінде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның негізінде біз ресми хабарлама береміз.

Бұл қатерлі гипертермиялық реакция өте сирек кездеседі. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай солай болды, – деді ол.

Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олар медициналық сараптама нәтижелерінен кейін қосымша ақпарат беруге уәде берді.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Еуропада тіркелген маймыл шешегі Қазақстанға қаншалықты қауіпті екенін де айтты.

Оның айтуынша, маймыл шешегі өте қатерлі сырқат саналады. Сондықтан оны елімізге кіргізбеу керек деп айтты.