Олимпиадаға қатысудан бас тартқан Путинцеваның АҚШ-тағы жарыста да жолы болмады

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды.

Алайда, ол жарысты жұптық кезеңде жалғастыратын болды, – деп жазады Aikyn.kz.

Жекелей сында Путинцева испан қызы Паула Бадосамен кортқа шыққан болатын. Алайда, екі сетте де 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Артынша қазақстандық теннисші қайта кортқа шықты.

Бұл жолы ол жұптық сында канадалық Лейла Фернандеспен бірігіп, Тейлор Таусенд / Катерина Синяковаға қарсы өнер көрсеткен. Кортқа аутсайдер ретінде шыққанымен Путинцеваның жұбы жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды, есеп – 2:6, 6:1, 10:6.

Енді финалға шығу үшін Путинцева мен Фернандес Линда Носкова/Диана Шнайдер жұбын жеңуі керек.