Абай облыстық ПД желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.
Абай облысында қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан екі әйел жауапқа тартылды
898
оқылды

Екі әйелдің қоғамдық орында өзгелерге құрметсіздік таныту арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқаны туралы видео тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полиция қызметкерлері келгеннен кейін әйелдер заңға қайшы әрекеттерді тоқтату және одан әрі қарау үшін полиция бөліміне бару туралы заңды талапты орындамай, тәртіп сақшыларына қызметтік міндеттерін орындау кезінде бағынбаған. 

Қазіргі уақытта әйелдер ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі.