Соңғы күндері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт оқиғалары жиілеп кетті.
«Семей орманы» резерватында 5 жерден шыққан өрт ауыздықталды
ТЖМ
398
оқылды

17 тамыз күні 5 жерге қызыл жалын жайылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Әр жерге өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл жетіп, тілсіз жаумен күреске түсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жердегі өрт сөндірілді. Анықталғандай, 5 жерде де оттың шығуына – найзағай себеп болған», – делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 15 тамыз сағат 18.00-ден 16 тамыз сағат 13.00-ге дейін аталған орман қоры аумағында шыққан 18 өрт ауыздықталған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.