Орал қаласында бір апта бойы ыстық су болмайды

Орал қаласында 19-25 тамыз аралығында тұрғындар үшін ыстық су беру тоқтатылады.

Бұл "Интергаз Орталық Азия" АҚ магистральды газ құбырлары басқармасы Орал филиалының шаһардағы газ құбырларында сынақтар өткізуіне байланысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Сондықтан тауарлы газ беру тоқтатылады. Ыстық судың берілмеуі соған байланысты болмақ. Жоспарланған жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда ыстық су беру бұрынғыша қайта қалпына келтіріледі", – деп хабарлады әкімдіктен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.