Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, елге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданды.
Маймыл шешегі Қазақстанға келуі мүмкін
Денсаулық сақтау министрлігі
1,261
оқылды

Әзірге маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ, – деп жазады Aikyn.kz. 

Бүгінгде Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады.

Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді.

Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға сақтық шараларын сақтаған абзал екенін ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.