Оқиға 13 тамыз күні Шымкент-Астана рейсінде болған еді.
Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan бортында жарақаттап алған көзіне не болғанын көрсетті
Фото: instagram.com/sultankyzy
2,531
оқылды

Тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының рейсінде көзін жарақаттап алған болатын. Ол қазіргі жағдайы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

«Қатты зат тиген жер төртінші күні күлгін түске айналады», – деп жазды тележүргізуші қазіргі суретін жариялап.

Осы жайтқа қатысты желі қолданушылары түрлі сұрақ қойып жатқанын жеткізді.

"Бір келіншек жазып жіберіпті "Байыңнан жемеген таяқты FlyArystan-нан жедің бе?" деп. Енді ол кісі ойнап жазды ғой, түсінікті. Мен айтамын ғой, марқұм Қайрекеңнің ондайы жоқ еді деп. Негізі ондай азамат емес еді. Қатты ашуланса үйден шығып кететін. Ең жаман, ауыр жаза әйел үшін сол ғой. Маған сондай болатын. Қайрекең менімен сөйлеспей қойса, бітті. Оның реніші басылып, өкпесі басылып, көңілі дұрысталғанша, ойбай, жаным шығып кете жаздайтын", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Айта кетейік, оқиға 13 тамыз күні Шымкент-Астана рейсінде  болған еді. Жоғарғы сөреден ауыр әрі қатты зат Ләйлә Сұлтанқызының бетіне тиіп, көзін жарақаттап алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.