Жаңбыр жауып, дауыл соғады: 19 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл соғып, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.