Баян Алагөзова 15 күннен кейін тағы босанды

Ол жуырда үшінші қызын босанып, оған Алиса деп ат қойған болатын.

Тура 15 күн бұрын үшінші қызым дүниеге келді деген продюсер Баян Алагөзова бүгін тағы да балалы болғанын жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Біз сені 8 жыл және Алисадан қарағанда тура 15 күн артық күттік. Тұрсын екеуіміздің қызымыз – Алагөзова Алма Тұрсынғалиқызы дүниеге келді», – деп жазды ол.

Айта кетейік, ол жуырда үшінші қызын босанып, оған Алиса деп ат қойған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.