18 тамызда 70 жастағы ер адам 9 жастағы ұлын алып, Атырау қаласынан Махамбет ауданына қарай балық аулауға көлікпен жолға шыққан.
Атырау облысында әкесі мен ұлы жоғалып кетті
Фото: ҚР ТЖМ
2,001
оқылды

Атырау облысында әкесі мен ұлы балыққа шығып, жоғалып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, 18 тамызда 70 жастағы ер адам 9 жастағы ұлын алып, Атырау қаласынан Махамбет ауданына қарай балық аулауға көлікпен жолға шыққан. Олар ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағандықтан туыстары уайымдап, құтқарушылардан көмек сұраған.

"Құтқарушылар әкесі мен ұлын Махамбет аудан Көздіқара елді мекеніне жақын орналасқан "Нарын" каналының бойынан тапты. Автокөліктегі аккумулятор отырып қалғандықтан, олар үйіне қайта алмаған", – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.