Айыпталушылар оны жалға алынған пәтерде ұстаған.
Астана тұрғынын Павлодарға ұрлап әкетіп, пәтерде ұстаған
Фото: istockphoto.com
1,384
оқылды

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы өзінше билік ету және адамды ұрлау фактісі бойынша үш ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша адвокаттардың, қорғаушылардың және сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші сатыдағы сотта ер адам екі танысының жәрдемдесуі арқылы қасақана әрекет ете отырып, топпен алдын ала сөз байласу арқылы адамды ұрлап, еркінен тыс Астандан Павлодарға әкеткен. Айыпталушылар оны жалға алынған пәтерде ұстаған. Үшінші ер адам екі миллион теңге сомасына материалдық залал келтірген астаналыққа қатысты өзінше билік еткені анықталды.

"Ш. адамды ұрлағаны және өзінше билік еткені үшін кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Х. және У. адамды ұрлауға көмектескені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымдарды қарау нәтижелері бойынша үкімді өзгеріссіз қалдыру, адвокаттардың, қорғаушылар мен сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Үкім заңды күшіне енді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.