Боксшы күйеу жігітінің несие алып, қарызданып той жасауға қарсы екенін айтады.
«Өзге ұлт өкіліне күйеуге шықсам»: Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты
Фото: видеодан алынды
17,259
оқылды

Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген боксшы қыз Назым Қызайбай Sport+ Qazaqstan арнасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты ақпаратпен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшы күйеу жігітінің несие алып, қарызданып той жасауға қарсы екенін айтады. Ол жігіттің дүниесіне қарамай, тек бақытты отбасы болуға көбірек мән беретінін жасырмады.

«Жүрегім бос, өз адамымды әлі кездестірмедім. Жақсы жігіттер көп, бірақ арамызда химия болатындай адамды жолықтырмадым. Әлеуметтік желіде танысқысы келіп жазатындар көп. Бірақ бәріне жауап бере бермеймін. Өткенде анама «өзге ұлт өкіліне күйеуге шықсам» деген едім. «Қазақ табылмады ма?» деп қарсы болды. Намысы оянып кетті ме, ол жағын білмеймін. Жақсы көретін адам болса, кімге көңілің түсетінін білмейсің ғой. «Қазаққа ғана шығамын» немесе «қазаққа шықпаймын» деген нәрсе жоқ. Бұйырғаны болады», – деді Назым Қызайбай.

Сондай-ақ боксшы болашақ жарының бойынан табылуы тиіс қасиеттерге тоқталып өтті.

«Ең бірінші мінезі жақсы, сыйлайтын адам болуы қажет. Кейбіреуі басында сыйлап, кейін жақынырақ араласқанда қарым-қатынасы өзгеріп кетеді. Маған «спортты тастап, күйеуге шық» деп бұйыратындар бар. Бәрі уақытымен болады. Қай уақытта пешенеңе жазылса, сол уақытта күйеуге шығасың. Қазір ол жағын ойлап жатқан жоқпын. Демалып жатырмын. Жалпы таныстыққа ашықпын», – деді Олимпиада жүлдегері. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.