Қарағанды облысының шалғайдағы мектептері 100% интернетке қосылды

Сонымен қатар, өңір мектептерін компьютерлендіру төрттен бір бөлікке ұлғайтылды.

Биыл Қарағанды облысының 106 ауылдық мектебі StarLink интернетіне қосылды. Осылайша, өңірде жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 100%-ға жетті. 

Бұл туралы педагогтарға арналған облыстық тамыз конференциясында мәлім болды, – деп жазды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

– Кең жолақты интернетке қолжетімділік балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан – ауылдық жерде немесе қалада болсын сапалы білім беру контентін алу бойынша кең мүмкіндіктер ашады, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Сонымен қатар, өңір мектептерін компьютерлендіру төрттен бір бөлікке ұлғайтылды. 9 мың заманауи компьютер сатып алынды. Бұл жұмыс жалғасады. Жабдықтарды жаңарту Қарағанды облысының мектеп біліміне заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Digital matematika және BilimTest жобалары іске асырылып жатыр.

Жасанды интеллектті қолданатын цифрлық платформалар оқытуды тиімдірек етеді. Мысалы, Digital matematika оқушыларға тақырыптарды өз бетінше үйренуге, практикалық тапсырмаларды орындауға, білімдегі олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Интерактивті жүйе екі тілде жұмыс істейді.

BilimTest мобильді қосымшасы әртүрлі сынақ тест және пайдалы оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Биыл ElSkills жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Ол мұғалімдерді басқалардың эмоцияларын тануға және өз эмоцияларын басқаруға үйретуге бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.