Әйелінен қорыққан ер адам тоналдым деп полицияға шағымданған
Әйелінен қорыққан ер адам тоналдым деп полицияға шағымданған
Фото: Интернеттен алынды
349
оқылды
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  әйелі ұрыса деп қорыққан Талғар ауданының тұрғыны тоналдым деп полицияға хабар берген.
Ведомствоның мәліметінше, 3 ақпанда Талғар ауданының полициясына Гүлдала ауылының 33 жастағы тұрғыны келіп, тоналғаны туралы айтқан. Кейін ер адам тәртіп сақшыларына қайта барып, отбасылық бюджеттен ойын автоматтарына шағын соманы жұмсап, жұбайымен жанжалдаспау үшін тонау туралы оқиғаны ойластырғанын мойындаған. 
Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері: «Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы («Көрінеу жалған сөз жеткізу») бойынша іс қозғалды. Осы бап бойынша күдіктіге қатысты екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады», – деді.