Жыланға тап болған кезде қауіпсіз қашықтыққа шегініп, құтқарушыларды шақыру қажет.
Үй ауласындағы жылан Астана мен Шымкент тұрғындарын шошытты: мұндай кезде не істеу керек?
Фото: ТЖМ
1,386
оқылды

ТЖМ құтқарушылары екі жылан ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бірінші оқиға Астанада қаласы Сарыарқа ауданында болды. Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары аула аумағында пайда болған жыланға тап болды.

Екінші оқиға Шымкент қаласының Еңбекші ауданында үй аулаларының бірінде болды.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тұрғындарға төнген қауіпті жою үшін жыландарды бөтелкеге салып, қауіпсіз жерге жеткізді.

«Жыланға тап болған кезде қауіпсіз қашықтыққа шегініп, құтқарушыларды шақыру қажет», – деді Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.