"Қазгидромет" 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ пен жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, батыс, шығыс және елдің орталық аймақтарында нөсер жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында және оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.