Күдікті биыл сәуір айында Польшада ұсталған.
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды
592
оқылды

ҚР Бас прокуратурасының және ІІМ Интерпол қызметкерлері бүгін Қазақстанның Польша Республикасындағы Елшілігінің көмегімен алкогольдік масаң күйде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Польшадан Грузия азаматын экстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Күдікті 2023 жылы Алматы қаласында алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан басқа көлікпен соқтығысып, жүргізушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді. 

– Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл сәуір айында ол Польшада ұсталды. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір тергеу изоляторына қамалды. 

Айыпталып отырған қылмыс үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында. 

Айта кету керек, Польша Республикасымен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, күдіктіні экстрадициялау Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Польша Әділет министрлігінің арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Сонымен қатар биыл Польша тарапынан Қазақстан аумағында аса ірі көлемде есірткі бизнесімен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың ұйымдастырушысы Қазақстанға экстрадицияланған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.