Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.
Ақтөбелік тұрғын 20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеп жіберген (Видео)
788
оқылды

Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін 2 айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.