Мектепке қажетті құрал-жабдықтың өзіне ең кемі 30 мың теңге керек.
Бір оқушыны мектепке дайындау үшін қанша ақша керек?
708
оқылды

Жаңа оқу жылының басталуына тура 11 күн қалды. Баладан бұрын мектепке ата-аналар қызу дайындалуда. Арзан киім, құрал-жабдық іздеп, жер-жерде өтіп жатқан жәрмеңкелерді жағалап жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Ең арзан бағадағы қыз баланың жейдесі 6500 теңге тұрады. Ал белдемшенің құны 7500 теңгеден басталады. Аяқкиім – 8500 теңге, пиджагы – 9 мың теңге. Ал сөмкенің бағасы – 7 мың теңге. Жәрмеңкедегі спорттық киімдердің ең арзаны – 14 500 теңге. Спорттық аяқкиім 8500 теңге.

Бұған қоса мектепке қажетті құрал-жабдықтар бар. Оған үнемдеп жұмсағанның өзінде 30 мың теңге қажет. Яғни, бір қыз баланы мектепке дайындау үшін кемінде 100 мың теңге керек. Ұл балаға жұмсалатын қаржы да осыған шамалас. Тіпті одан да көп болуы мүмкін. Себебі жәрмеңкедегі бір костюм шалбардың бағасы 22 мың теңге тұрады.

Айта кетейік, біз сіздерге арнайы жәрмеңкедегі ең арзан тұратын мектеп киімі мен құрал-жабдықтардың бағасын көрсеттік.

Қорыта айтқанда, мектепке баратын бір балаға кемінде 100 мың теңге қажет. Ал бір үйден бірнеше баланы киіндіру керек болса, шығынын өзіңіз есептей беріңіз. Ал балаңызға сапалы киім сатып алатын мүмкіндігіңіз болса, кемі 250 мың теңгеңізді жұмсайсыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.