Бұл туралы қос әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Әнші Қыдырәлі мен Қарақат некесін жаңғыртты
1,212
оқылды

Үйленгеніне 25 жыл болған Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина күміс той жасап, некесін қайта жаңғыртты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Жар-жар деп кіріп келген жас жұбайлардың сәлемін қабыл алыңыздар!
Салтанатты неке қию рәсімі! 
Қуанышымызға ортақтасып ақ тілегін арнап жазып жатқан жақсы адамдарымызға алғыс! – деп жазды әнші Қарақат Болманова өзінің желідегі парақшасына.

Олардың қуанышына белгілі әртістер, әншілер, тіпті танымал тележүргізушілер де барған. Қонақтардың арасында алтын, бриллиант, қымбат шуба сияқты бағалы сыйлықтар ойнатылып, той көңілді өткен. Осыдан 25 жыл бұрын әншілердің некесін қиған Лесбай қажы да тойға арнайы келіп, неке жаңғырту рәсімін жасаған. Бұл туралы:

– 25 жыл бұрын некемізді қиған Лесбай қажы міне, бүгін, күміс тойымызға арнайы қонақ болып келіп, неке жаңғырту рәсімін жасадық. Бұл да Алланың бір жоспары, біздің отбасымызға деген ерекше сыйы деп білеміз. Тілегін жаудырған жақсы адамдарым сіздерге де осындай той жұғысты болсын! – деп жазды әнші.