Ол Өзбекстан азаматына жұмысқа орналастыруға уәде беріп, ақша талап еткен.
Маңғыстау облысында Еңбек мобильділігі орталығының директоры сотталды
1,566
оқылды

Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап. 

Ол Өзбекстан азаматына жұмысқа орналасуға жәрдемдесемін деп уәде беріп, 200 мың теңге мөлшеріндегі қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. 

– Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, – делінген ақпаратта. 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.