Бұған дейін қызының кәмелетке жетпей тұрмыс құрғаны қызу талқыға түскен Абай Бегей алыпқашпа әңгімелердің бәріне нүкте қою үшін жақында жазба жариялайтынын мәлімдеген болатын.
«Екі жыл гаражда күте ме?»: Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына көлік сыйлады
Фото: видеодан алынды
1,557
оқылды

Әнші Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына автокөлік сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 «16 жасында тұрмыс құрып, куәлігі жоқ болса да, көлік жүргізе ме, сонда көлігі 2 жыл гаражда күте ме», «Он сегізге толғанша заңды некеге отыра алмайды, ертең сәбилі болса қалай тіркейді», «Бақытты болсын жастар!», «Бақытты болсын. Анасы көрмеген қызықты қызы көрсін», «Неткен бақытты қыз жары да, әкесі де, енесі, бәрі қамқор боп жатыр, қызы өте әдемі», – деп жазды желідегілер.

Бұған дейін қызының кәмелетке жетпей тұрмыс құрғаны қызу талқыға түскен Абай Бегей алыпқашпа әңгімелердің бәріне нүкте қою үшін жақында жазба жариялайтынын мәлімдеген болатын.

"Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рахмет! Келесі постта қалай болғанын, не болып жатқанын толық салатын боламын…" – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.