Прокурорлар 11 сотталғанға қатысты кінәлі қызметкерлердің азаптау қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.
ІІМ мен Ұлттық ұлан қызметкерлері Ұлытауда 11 сотталғанды азаптаған
Фото: Әсет Құндақбаев
2,598
оқылды

2024 жылы 30 шілдеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты 11 сотталғанды азаптау ісін қарады. Сот шешімімен 11 адам – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесінің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкері сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Олар №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғанға азаптау қолдану фактісі бойынша қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.

Прокурорлар 11 сотталғандарға қатысты кінәлі қызметкерлердің азаптау қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.

«Сот үкімімен мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы мекеменің басқа да 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды», – деп хабарлады прокуратура.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.