Жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді және бұршақ жаууы мүмкін.
Жаңбыр, бұршақ, жел: 22-24 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
2,303
оқылды

"Қазгидромет" РМК 22-24 тамызға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның солтүстігі арқылы жылжып келе жатқан белсенді циклон жаңбыр жаудырады, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді және бұршақ жаууы мүмкін. 23 тамызда циклонның соңынан антициклон ене бастайды.

Суық ауа массаларымен қоректеніп, жауын-шашын тоқтап қана қоймай, тіпті оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +23+28°C дейін төмендеуі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.