Сынып жетекшілерінің үстемеақысы – бұл қаржылық мәселе.
Биыл сынып жетекшілерінің жалақысы көбейе ме? – Министр жауап берді
Фото: Halyq Uni
726
оқылды

Мектептердегі сынып жетекшілерінің жалақысы үш есе көбеюі мүмкін. Осыған қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Qaz365.kz тілшісіне жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Сынып жетекшілерінің үстемеақысы – бұл қаржылық мәселе. Сондықтан талқылауда. Бұл тек министрліктің құзырында емес. Экономика, қаржы министрліктерімен бірлесіп шешілуі тиіс. Осыған мүдделі мемлекеттік органдардың араласуымен шешіледі. Біз өз тарапымыздан барлық есептеулерді болдық. Осы жолы болмауы мүмкін. Келесі жылы ықтимал», – дейді Ғани Бейсембаев.

Бұған дейін министр сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны үш есе өсіру қажет екенін айтқан. Яғни 8 мың теңгеден 30 мыңға дейін көтеру көзделген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.