Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушылардың мүліктерін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айырды.
Алматыда есірткі сатқан қылмыстық топ мүшелері 12 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com
572
оқылды

Бостандық ауданының прокуратурасы есірткілерді өндіріп, сатқан бір топ адамға қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

«X» азамат 3 жыл бойы тұрғын үйінің ауласында қарасора бұталарын өсірген.

Оның сыбайластары, өсірілген марихуананы алып, оны орап, сатумен айналысқан.

Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушылардың мүліктерін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қала прокуратурасы азаматтарды күмәнді табыс ұсыныстарына түспеуге шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.