Оның айтуынша, жұртшылыққа ұсынылған ақпараттың нұсқасында «шикі» тұстар көп.
«Шикі» тұстар көп»: ҰОК бас хатшысы қызметінен босатылған Жанар Өтешева пікір білдірді
Фото: olympic.kz
715
оқылды

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің экс-бас хатшысы Жанар Өтешева жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, жұртшылыққа ұсынылған ақпараттың нұсқасында «шикі» тұстар көп.

«Сенімді жоғалтпаған» достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ.  Менде бәрі жақсы, бәріне көп рақмет. Ақпаратқа қатысты тек бір нәрсе айта аламын. Сіздерге ұсынылған нұсқада «шикі» тұстар көп. Олардың орны уақыт өте келе толатын болар. Оған дейін ешқандай пікір білдіре алмаймын. Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой», – деп жазды Жанар Өтешева.

Еске салсақ, бүгін ол Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылған болатын. Сенімінің жоғалуына байланысты Жанар Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады, – делінген мәлімдемеде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.