Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова эстрада жұлдыздары Қыдырәлі мен Қарақаттың күміс тойына қатысқан жоқ.
Мәдина Сәдуақасова Қыдырәлі мен Қарақаттың күміс тойына неге бармады?
Әлеуметтік желідегі парақшасынан
18,232
оқылды

Әлеуметтік желіде әнші тойға неге келе алмағанын түсіндіріп, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Кеше Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаның күміс тойы өтті. Бәрімізге үлгі болып жүрген керемет отбасы! Шын жүректен құттықтаймын, жандарым! Екі дүниенің бар бақытын тілеймін! Ерекше жақсы көремін, құрметтеймін Қыдыр мен Қақатты. Әзірге осындай құттықтау Тәжікстаннан, бұйырса өзіміз отырып тағы тойлаймыз", – деп жазды Мәдина Садуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске салайық, Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина отбасын құрғанына 25 жыл толуына орай "күміс тойын" дүркіретіп өткізген болатын. Ал Мәдина Садуақасова той кезінде іссапармен Душанбе қаласына аттанып кеткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.